Аспар Қашаған ЖШС 100 % қазақстандық компаниясы болып табылады және жергілікті нарықта жұмыс жасайтын шетелдік және қазақстандық компанияларға халықаралық деңгейде кешендік сервистік қамтамасыздандыру қызметтерін көрсетуде маманданады.

Компания Қазақстанда мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса отырып, соңғы 10 жыл бойы өзінің мүмкіндіктері мен дағдыларын дамытты, жұмыс орындарын құрды және жоғары сапалы қызметтер көрсетті.

Компания мұнайгаз саласындағы клиенттерге Денсаулық пен Қауіпсіздік Техникасының ең жоғарғы стандарттарына сәйкес қызмет көрсетеді және ҚТ-на байланысты оқиғаларсыз 700,000 адам сағаттарына жеткенін мақтаныш етеді.

Осы жылдар бойы компания жоғары кәсіби мамандар командасы мен халықаралық талаптарына сәкес келетін жұмыс тәжірибесі бар басшыларды дамытуға қаржы салды.

Әлеуетті өндірістік-техникалық база, жоғары білікті персонал, заманауи әдістер, технологиялар, жабдықтар жұмыстардың кең спектрін жүзеге асыру мен оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Компаниялар тобында мақсаттарға жету мен нарықта озық орынды қамтамасыз етуге бағытталған жобалар іске асырылады.

Біз барынша ресурстарымызды тиімді пайдалануға және мүмкіндіктерімізді ұлғайтуға ұмтыламыз. 

Аспар Қашаған компаниясының қызметі адалдық, сапа мен кемеліне жетуге ұмтылуда негізделеді.

Осыда мекеменің табысты дамуы мен бізбен істесу тиімділігінің кепілі.