Аспар Қашаған компаниясында НАССР сапа менеджменті жүйесі қолданылады, өйткені  ол азық-түлік тауарларын өндіреді. Бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең тиімді тәсілі. Оның көмегімен, сақтау мен сатуды қоса, үрдістің барлық кезеңдерінде бақылау жүзеге асырылады.

НАССР әдістемесі өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, бақылау шаралары толығымен сақталған, сондай-ақ, өндірістің технологиялық тізбегіндегі ерекше қатерлер белгіленген басқарудың заманауи тәсілі болып табылады. Жүйе дүниежүзілік деңгейде танылған.

Аспар Қашағанның өндірісінде әдістеменің барлық негізгі принциптері қолданылады:

  • технологиялық тізбегіндегі бақылау және дағдарыстық шектерді анықтау;
  • қатерлерді талдау;
  • түзету әрекеттері, оның ішінде мониторинг, есепке алу және бүкіл қажетті құжаттаманы дайындау.

 НАССР сапа стандарттары  басшылық және техникалық персоналдың жоғары кәсіби деңгейі, сондай-ақ, кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін дамытуды талап етеді.

Біздің компаниямызда НАССР өндірістің дағдарыстық шектеріне назар аударуға мүмкіндік береді, соның арқасында сапасыз тауарды дайындау қатері барынша азаяды.  НАССР жүйесі арқылы Аспар Қашаған қалай шикізатқа болса, солай түпкілікті өнімге микробиологиялық және химиялық тексеріс жүргізу мүмкіндігін алады. Өндірістің әр кезеңінде қауіптің алдын алуға болады, бұл материалдық шығындарды айтарлықтай азайтады, өнімнің сапасын арттырады.

Компаниямыздың талассыз артықшылары:

  1. Сапалы және қауіпсіз азық-түлік өндіру – компанияның жоғары беделінің кепілдігі.
  2. Тұтынушының сенімін арттыру.
  3. Қолда бар өткізу нарықтарын кеңейту және жаңа, оның ішінде харықаралық нарықтарды игеруге мүмкіндік беретін стандарттарды енгізу.
  4. Тендерлерге қатысу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сатып алушылар жағынан шағымдардың санын азайту.

Жалпы шығындарды азайту үшін өндіруші НАССР  әдістемесін басқа сапа менеджменті жүйелеріне енгізе алады. Осындай біріктірудің арқасында ішкі және сыртқы аудит шығындары азаяды.

Аспар Қашаған өндірісіне НАССР жүйесін енгізгеннен кейін тұтынушы өнім әрқашан сапалы, қауіпсіз және пайдалы болады деген кепілдік алды.

НАССР жүйесі өндіріс технологияларының ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.