Аспар Қашаған жайлы тұруға қажетті барлық инженерлік қатынас жолдары мен жағдайлары бар жоғары сыныпты вахталық кенттерде түрғын үй-жай қызметтерін көрсетеді.  Біздің Vaternas бірыңғай сауда белгісі бойынша вахталық кенттерде жеке санитарлық тораптарымен бір орынды және екі орынды тұрғын үй-жайлар, жайлылығы жоғары екі бөлмелі нөмірлер, асханалар, Mercedes, Hyundai, Ford маркалы реанимобильдері мен білікті дәрігерлік персоналымен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрігерлік пунктер, спорт залдары, бос уақытта демалуға арналған бөлмелер,  көшедегі ойын алаңдары, еуропа және америка жабдығымен жабдықталған кір жуатын орындар, жалдау үшін кеңсе және қойма ғимараттары, кафе және барлар, сондай-ақ, дүкендер бар.