Аспар Қашағанның бас артықшылығы – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының құндылығын өндірістік қызмет нәтижелерінен жоғары деп тану. Компанияның басшылығы персоналдың қауіпсіздігі мен жайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға өзінің жауапкершілігін толығымен сезінеді.
Кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ,ӨҚ жән е ҚОҚ) саласындағы кешендік саясат қолданылады. Оның міндеттемелерін орындау компанияға ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын ұйымдастыру мен сақтау саласында танылған көшбасшы болуға көмектеседі.
Саясаттың тиімділігі Аспар Қашаған компаниясының жетістіктерімен расталады:
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбекті қорғау саласындағы сауатты және белсенді қызмет, кәсіпорынның негізі болып табылатын білікті кадр құрамын сақтау мен кеңейтудің кепілі болады.
Жаңа жоба бойынша жұмыстың басталуы алдында, компанияның басшылары мен мамандары учаскедегі болуы мүмкін қатерлерге баға береді және қауіпті жоюға арналған түзету шараларын қолданады.
Жұмыс жасауға жеткілікті денсаулық жағдайының деңгейі дәрігерлік қорытындымен расталған қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Нысандарда қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге дайын білікті персоналмен жасақталған дәрігерлік пунктер әрекет етеді.
Компанияда жағымсыз өндірістік әсерден қорғайтын, сертификатталған жеке қорғаныс құралдарымен әр жұмысшыны қамтамасыз ету міндетті еңбек жағдайы болып табылады.
Компанияның базасында қызметкерлерге кәсіпорындағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдер беруге арналған, лицензиялық бағдарлама қолданылатын, өз оқу бөлмесі бар.
КӨЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Компаниядағы жұмыстардың көбісі күрделі ірі габаритті техниканың көмегімен жүргізіледі, сондықтан көлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Кәсіпорында жолға шығару алдында техникалық жағдайын мұқият қадағалайтын, автопарктің үнемі жөнділігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы қызметтер әрекет етеді.
Әр өндірістік учаскеде ЖКО болдырмау, жүргізушілер мен механизаторлар құрамына нұсқау беру және оқыту бойынша алдын алу жұмысты тәулік бойы жүргізетін қауіпсіз қозғалыс жөніндегі мамандар істейді.
Аспар Қашаған компаниясының техникасы толығымен тахографтар, қауіпсіздік белдіктерімен, өртсөндіру және дәрігерлік көмек көрсету құралдарымен, қажетті қауіпсіздік белгілері және құрал-сайманмен жабдықталған.
ЭКОЛОГИЯ
Компания кәсіпорындағы экологиялық бақылау ережелерін сақтайды және қоршаған ортаға келтірілетін зиянды барынша азайтуға, оның ішінде табиғатты қорғау қызметіне қызметкерлерді тартып, барлық күшін салады.
Бүкіл персонал өндірістік және тұтыну қалдықтарымен айналысуға үйретілген. Тұйық дербестік жағдайларының өзінде өртеуге арналған қондырғы арқылы қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі бар болады