Ватернас Атырау компаниясы, Атырау қаласындағы ең жақсы бизнес класты қонақ үйлердің бірі, INFINITY PLAZA отелінде тұру қызметін ұсынады. Отель жайлы жерде орналасқан және қалай қаланың орталық көшелеріне 5-10 минутта болса, солай қаладан 15 минуттық жердегі әуежайға бару, сондай-ақ, біздің аймақтың Батыс Ескене (Қарабатан) және Тенгиз - мұнай орталықтарына айналып өтетін жол бойынша ыңғайлы шығу жолын қамтамасыз етеді.

Жанында әртүрлі мейрамханалары мен барлары бар ARMATA ойын-сауық-мейрамхана кешені, сондай-ақ, Тамаша (жаяу 3 минут) және Атырау (жаяу 7 минут) сауда орталықтары орналасқан. Отель өте жақсы сапа мен функционалдылықты бағалайтын сыйлы кәсіпкерлер және талғампаз саяхатшылар үшін арнайы салынған.

Қонақтардың қызметіне 69 тамаша жабдықталған нөмірлер мен Модерн стиліндегі апартаменттер ұсынылады. Қонақтар нөмірлерге тәуліктік қызмет көрсету қызметін пайдалана алады. Нөмірлер ыңғайлы жиғазбен, қалааралық және халықаралық байланысы бар телефондармен, Wi-Fi, халықаралық арналары бар кабельдік ТВ мен жеке сейфтер, кондиционерлер, шағын тоңазытқыштармен жабдықталған. Нөмірлерге кіру электрондық карта-кілт бойынша жүргізіледі.

3600 м2 аумағында орналасқан Infinity Fitness кешені сізді Technogym ғаламдық көшбасшысы шығарған ең заманауи жабдықпен жабдықталған ең жақсы жаттығу залы, үш жүзу бассейні, топтық бағдарламаларға арналған залдар, массаж кабинеттері, хамамдар мен фин саунасы және ең бастысы өз саласындағы жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыз етеді.

Персоналдың ізгі ниеттілігі мен кішіпейілділігі Сіздің INFINITY PLAZA қонақ үйінде тұруыңызды жайлы және тамаша етеді.

 

 Infinity Plaza Hotel

Галерея