Аспар Қашаған компаниясында барлық негізгі дәрігерлік мамандар істейтін дәрігерлік-санитарлық бөлімдер құрылған. Дәрігерлік-санитарлық бөлімдердің персоналы кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек жағдайларын бақылайды, еңбекке қабілеттігін уақытша жоғалтқан жұмысшылардың ауру-сырқаулығын зерттейді. Осы деректерді талдау негізінде дәрігерлік қызметкерлер оны азайту бойынша нақты шаралар қолданады.
Әр жарақат алу немесе кәсіптік ұлану жағдайы туралы акті жасалады, ал денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері жарақатты немесе ауруды тудырған себептерді жоюға пәрменді шаралардың қолданылғандығын қадағалайды.
Күнсайын денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі жарақат немесе ауру бойынша жұмысқа шықпаған тұлғалар туралы басшыға хабарлайды. Дденсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері цех жұмысшыларының арасында дәрістер оқиды және әңгіме өткізеді, санитарлық көрмелер, еңбек тазалығы бойынша көрмелер мен денсаулық бұрыштарын ұйымдастырады.