Көлік шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру кезінде кәсіпорынның жекелеген бөлімшелеріне қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарын таңдаудың өте зор маңызы бар. Таңдау олардың жүк көтергіштігі, жылдамдығы, ептілігі, жүріп өту мүмкіндігі мен басқа көрсеткіштерді ескерумен жүзеге асырылады. Бұл ретте жүк ағынының көлемі, алғашқы және соңғы жер арасындағы қашықтық, тасымалданатын материалдардың сипаттамасы - габариттері, физикалық, механикалық және өзге қасиеттері назарға алынады. Жолдарды жайластыру деңгейіне қарай, бұл жерде Аспар Қашаған компаниясы қалыпты кұралдарымен қатар, әсіресе алыс және баруға жолы қиын аудандарға, жоғары жүріп өту мүмкіндігі бар көліктерді қолданады.
Кейбір тасымалдар үшін не ондай, не мұндай көлік түрін пайдалану тасымалдау тиімділігінің деңгейін белгілейтін факторларға байланысты болады.
Аспар Қашаған, көлік шаруашылығы персоналының еңбек өнімділігін арттыру және бос тұрып қалуларды азайту үшін жағдай жасай отырып, әр бағытқа тұрақты жұмысшылар мен көлік құралдарын бекітуге мүмкіндік беретін бағыттарды жоспарлайды.
Аспар Қашағанның көлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесінің құрамы:
- кәсіпорынға шикізат, материалдар мен құрамдас өнімдерді жеткізу;
- кәсіпорын ішінде жүктердің орнын ауыстыру;
- тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу.