Аспар Қашаған өндірістік және сервистік активтерде, сондай-ақ, ҚР әртүрлі аймақтарында мұнай және газды барлау бағытында жұмыс тәжірибесін алу бойынша өте жақсы мүмкіндігі бар серпінді дамып келе жатқан компаниялар тобы болып есептеледі.
Біздің персоналды дамыту мен мүмкіншіліктерді ұлғайту саясатымыз болып:
Аспар Қашаған компаниясы өзінің қызметкерлеріне келесіні ұсынады:
Бәсекеге қабілетті еңбек ақы және өтемақы пакеті. Компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейі материалдық жағынан тиісті түрде бағалануға қажет екендігіне біз берік сенеміз. Аспар Қашаған компаниясы өз қызметкерлеріне тұрақты түрде еңбек ақысын төлейтіндігіне кепілдік береді. Кәсіби және мансабы өсуі үшін кең мүмкіншіліктердің болуы. Компанияның белсенді өсуі мен ұсынылатын қызметтер түрінің тұрақты кеңеюі, қызметкерлеріміздің әртүрлі қабілеттерін қолдану үшін салаларды табуға, сондай-ақ, оларға қалай ішкі алмастыруға бағытталған жеке дамыту бағдарламаларын болса, солай тұрақты кәсіби даму, оқу және тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қатысу. Бизнестегі ұмтылыстарымыз нарықта жеткен тұрақты жағдаймен шектелмейді – біз үнемі даму тұрақты келешектің кепілі болатындығына сенеміз. Сондықтан, біз күшіміз бен қаражатты қолда бар жобаларды (әлеуметтік тұрғын үй-жай) дамытуға салуды жалғастырамыз және алдымызға жаңа, одан да өршіл мақсаттар қоюды тоқтатпаймыз.
Ашық, демократияшыл басқару стилі. Қызметкерлер компанияның ағымдағы үрдістері мен даму жоспарлары туралы барынша толық ақпаратқа ие болуға тиісті деген ой-пікірді ұстанамыз. Сонымен қатар, басшылық сындарлы қарым-қатынас жасау үшін әрқашан ашық және компанияның бүгінгі күні мен болашағы туралы өз ой-пікірі бар және бизнесті дамытудың жаңа, келешекті идеяларды ұсынуға дайын қызметкерлерді қолдайды.
Өз идеяларын, жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі. Қызметкерлеріміздің жеке пікірлері мен кәсіпқойлығын бағалаймыз – компанияның әр қызметкері болып жатқан оқиғалар жөніндегі өзінің дәлелді көзқарасын айта алады және мейлі шағын кәсіптік мәселелерді шешу, мейлі компания үшін стратегиялық маңызы бар шешімдерді қабылдау болсын, олардың дамуына өзі әсерін тигізе алады.
Егер Сізді бос орындар туралы ақпарат қызықтырса, «Резюмені жіберу» нысанын толтырсаңыз немесе оны қалаулы лауазым мен жұмыс орнын (аймақ) көрсетумен cv@aspar.kz жіберуіңізге болады.